445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте газ балонның жарылысынан жұмысшы күйіп қалды

  • 832
  • UPD: 16:16, 04.12.2018
Шымкентте газ балонның жарылысынан жұмысшы күйіп қалды

Шымкенттегі кәсіпорындардың бірінде газ баллоны жарылып, бір жұмысшы күйіп қалды. Денесінің 32 пайызын күйік шалған Өзбекстан Республикасының азаматы ауруханаға жеткізілді.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай 2 желтоқсан күні кафель желімін шығаратын «Асел Text» ЖШС-нің аумағында болған.

«Күндізгі сағат 15:25-те кәсіпорынның ашық алаңында 50 литрлік газ баллоны атылды. Соның салдарынан 55 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы күйік жарақатын алды. Оқиға орнына Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру қызметінен 11 адам және 3 техника жетті»,- делінген хабарламада. Қазір төтенше жағдайдың жәй-жапсары анықталуда. Айта кетейік, бұл жылыту маусымы басталғалы бері газдан адам өлімі немесе жарақат алумен аяқталған екінші жағдай болып отыр.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы