384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚК трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісін ұстады

  • 758
  • UPD: 17:41, 04.12.2018
ҰҚК трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісін ұстады knb.gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін ұстады.

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

«2018 жылғы 16 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысы Жаркент қаласында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабының 2-бөлімімен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету),194-бабының 4-бөлімімен (қорқытып алу) көзделген бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде тұрған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Жұмат Бегімбетовті ұстады», - делінген комитеттің хабарламасында.

Комитеттегілердің мәліметінше, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы