383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттің жедел жәрдем қызметі екі айлық сәбиді өлім аузынан аман алып қалды

  • 378
  • UPD: 17:41, 06.12.2018
Шымкенттің жедел жәрдем қызметі екі айлық сәбиді өлім аузынан аман алып қалды VistaNews.ru

Шымкенттің жедел жәрдем қызметі өлім аузынан екі айлық сәбиді аман алып қалды.

Дер кезінде жүргізілген ем-домның арқасында нәрестенің жағдайы қалпына түсіп, ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, осы оқиға бойынша шақырту күндізгі сағат 11:12-де тіркелген. Екі айлық сәбидің туыстары оның ес-түссіз жатқанын жеткізген.

«Шақыртуды №17 бригада қабылдап алды. Олар науқастың үйіне жетіп, сәбидің жағдайын тексерген. Дәрігерлер баланы қарау кезінде оның есін жоғалтқанын, жүрек қағысы нашарлап кеткенін анықтаған. Жедел түрде жансақтау шараларын жасаудың нәтижесінде 3 минуттан кейін сәбидің жүрек қағысы қалпына келіп, тыныс ала бастаған. Науқас бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы