384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезқазғанда ер адам әйелін аң аулайтын мылтықпен басынан атқан

  • 497
  • UPD: 17:48, 06.12.2018
Жезқазғанда ер адам әйелін аң аулайтын мылтықпен басынан атқан segodnya.ua

Жезқазғанда 27 жастағы ер адам аң аулайтын мылтықпен жұбайын жарақаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдегі полиция департаментінің айтуынша, оқиға 5 желтоқсанда болған. Қаладағы орталық ауруханаға 27 жастағы оқ тиген әйел жеткізілген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адам ұсталды. Ол жанжал кезінде жұбайының басынан тегіс ұңғылы аң аулайтын мылтықпен атқанын мойындады.

Полицияда түсіндіргендей, аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 24-99 баптары «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Мылтық тәркіленді.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы