384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі кранның кабинасы үзіліп кетті

  • 475
  • UPD: 09:59, 08.12.2018
«АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі кранның кабинасы үзіліп кетті

Теміртаудағы металлургиялық комбинатта көтергіш краннан кабина үзіліп кетті, кран жүргізушісі зардап шекпеген. 

Жақында əлеуметтік желілерде жүрген бейнематериалдан орын алған іс туралы белгілі болды. «Тексеріс кезінде өндіріске дайындық цехының ашық қоймасында көтергіш кранның кронштейні ақаулығынан кабина үзілген. Тау техникалық бақылау мен комбинаттың техникалық қауіпсіздігі департаментінің сарапшылары шақырылды. Кабина демонтаждан өткізілді», – деп хабарлайды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі. Алайда демонтаж кезінде не себепті кабина ішінде адам болғаны белгісіз. 

Еске сала кетейік, қазіргі таңда металлургиялық комбинат төңірегінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қарашаның 10-жұлдызында газ құбыры өртенуінен комбинат жұмысы кедергі жасаған болатын. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия қорытындысын хабарлаған жоқ.

Авторы: Айнұр Абдиева

Хабар 24 телеарнасы