384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 5 жасар баланы ұрып өлтірді деген күдікпен өгей әкесі қамауға алынды

  • 892
  • UPD: 21:11, 10.12.2018
Шымкентте 5 жасар баланы ұрып өлтірді деген күдікпен өгей әкесі қамауға алынды blogspot.com

Шымкентте 5 жасар баланы ұрып өлтірді деген күдікпен оның өгей әкесі қамауға алынды.

Шымкент қалалық Полиция департаментінен мәліметінше, бала өліміне қатысы бар деген күдікпен оның өгей әкесі ұсталып, изоляторға қамалды.

«Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысына сүйенсек, баланың өлімі алған дене жарақаты салдарынан болған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген полиция хабарламасында.

Облыстық клиникалық аурухана дәрігерлері жансақтау бөліміне өте ауыр халде түскен 5 жасар баланы аман алып қалу мүмкін болмағанын айтып отыр. Себебі бүлдіршіннің бауыры мен көкбауыры езіліп кеткен.

«Баланы ауруханаға алып келгенде жағдайы өте ауыр болды, ес-түссіз жатты. Тіпті жүрек соғысы мен қан қысымы білінбеді. Алған жарақаты мен қан кетудің салдарынан науқас операция аяқталмай жатып қайтыс болды», - деді бблыстық клиникалық аурухананың бас дәрігер орынбасары Жанболат Ділдәбеков.

Бүлдіршіннің  мәйітін туыстары жер қойнына тапсырды. Құқық қорғау органының өкілдері оның өгей әкесі туралы ақпаратты жариялаған жоқ. Бірақ белгілі болғандай, 22 жастағы күдікті Атырау облысының тумасы. Ол білім алған Шымкент медресе колледжінің басшылығы оның мінезі жаман болмағанын айтып отыр. Бір жыл бойы оқу орнында тәлім алып, жатақханада тұрған. Биылғы жылдың жазында төрт перзенті бар әйелмен некесін қиған.

«Жаз айында бір келіншекпен үйленіп, содан бері сабаққа келуі саябырсыды. Сабаққа келуі өте нашарлады», - деді Шымкент медресе колледжі директорының орынбасары Бейбіт Өтебаев.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы