389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда-Жезқазған жолында қалып қойған адамдар құтқарылды

  • 680
  • UPD: 22:48, 10.12.2018
Қызылорда-Жезқазған жолында қалып қойған адамдар құтқарылды

Қызылордалық төтенше жағдайлар саласының мамандары Қызылорда мен Жезқазған арасындағы автожолда қалып қойған жолаушыларды құтқарды.

Жолаушылар  «Қызылорда-Павлодар-Успенка» тас жолында ауа райының қолайсыздығынан сапарын жалғастыра аламаған. Тас жол үстіндегі көктайғақ салдарынан жолаушылары бар автобустың ілгері жылжуға мүмкіндігі болмаған. 

«Жасақ құтқарушылары Қызылорда-Жезқазған тас жолында 84 шақырым қашықтықта 10 адамы бар «Астана-Қызылорда» жолаушылар автобусына көмекке келді. Зардап шегушілер ыстық шаймен қамтамасыз етілді. Құтқарушылар жолда қалған адамдарды Қызылорда қаласына алып келді», - делінген Қызылорда облыстық ТЖД хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы