389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да ата-ана қарауынсыз қалған екі бала көз жұмды

  • 677
  • UPD: 17:58, 12.12.2018
ШҚО-да ата-ана қарауынсыз қалған екі бала көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында ата-ана қарауынсыз қалған екі бала көз жұмды.

Төтенше  жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Ұлан ауданындағы Каменка ауылында екі қожайынға арналған үй өртенген. Үйдің ішінде 3 және 1,5 жастағы балалар жалғыз болған. Өрт сөндірушілер жеткенше көршілер бөбектердің денесін далаға алып шыққан. Құтқарушылар 100 шаршы метрді шарпыған өртті тек бір жарым сағатта өшіріп болған. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Авторы: Эльмира Ахметова

Хабар 24 телеарнасы