Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада біреудің пәтерін жалға беріп келген алаяқтар ұсталды

  • 775
  • UPD: 16:18, 13.12.2018
Астанада біреудің пәтерін жалға беріп келген алаяқтар ұсталды

Астаналықтарға пәтерді жалға беру кезіндегі алаяқтық жағдайлар туралы ескертілді.

Астана полиция департаментінің ақпараты бойынша, полиция қызметкерлері пәтерлерді заңсыз беріп келген 20 жастағы Қарағанды облысының тұрғынын ұстады. «Қарағанды облысының тумасы Астанаға келіп, пәтерді тәулік бойынша жалдаған. Кейін оны ұзақ мерзімге жалға берген. Орта есеппен ол әр пәтерден алаяқтық жолмен 100 мың теңге алып келген. Әйел елорданың түрлі аудандарында баспаналарды жалға беру бойынша 9 алаяқтық іс жасады деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, полицейлер 35 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Ол азаматтардың қаражаттарын алаяқтық жолмен иеленіп, өз пәтеріндегі бөлмені жалға беруге уәде еткен. Бұдан бұрын ол ҚР ҚК «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы