378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте әйелді қаққан көлік оны 200 метр жерге сүйреп кеткен

  • 297
  • UPD: 14:41, 18.12.2018
Шымкентте әйелді қаққан көлік оны 200 метр жерге сүйреп кеткен

Шымкентте Mercedes көлігінің жүргізушісі әйелді қағып, оны 200 метр жерге дейін сүйреп кеткен.

Шымкенттегі Тәшенов көшесінде 17 желтоқсанға қараған түні жол-көлік оқиғасы болды. 

Оқиға барысында 1973 жылғы әйелді Mercedes көлігі қағып кеткен.

Жүргізушінің айтуынша, ол алдындағы көлікті басып озған, алайда көшеден біреудің өтіп бара жатқанын байқамаған. 

«Шамамен 200 метр жер жүргеннен кейін көліктің қозғалуына бір нәрсенің кедергі келтіріп тұрғанын сездім. Сол кезде барып тоқтадым. Екі жолаушының көмегімен көлікті домкратпен көтеріп, әйелді алып шықтық», - деді ол.

Жедел жеткен жәрдем бригадасы әйелді ауруханаға жатқызып, оған шұғыл операция жасалды. Соңғы ақпарат бойынша әйел комада жатыр. 

Otyrar.kz

Хабар 24 телеарнасы