378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана-Петропавл жолында шетелдіктер құтқарылды

  • 310
  • UPD: 19:18, 19.12.2018
Астана-Петропавл жолында шетелдіктер құтқарылды

Астана-Петропавл тасжолында «Setra» автобусы бұзылып, жолаушылар аялдауға мәжбүр болды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Таяуда Астана-Петропавл тас жолының 193-шақырымында «Сарыағаш-Петропавл» бағытымен қатынайтын «Setra» автобусы бұзылып қалған. Борттағы 16 жолаушының 14-і ​​өзбекстандық, қалған екеуі Ресей азаматтары. Осыған байланысты адамдарды эвакуациялау жөнінде хабарлама келіп түсті. Біржан сал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудан әкімдігінің қызметкерлері аталмыш азаматтарды «Газель» көлігімен Бұланды ауданы Макинск қаласының темір жол вокзалына жеткізіп тастады. Олар сапарын әрі қарай жалғастырады» делінген хабарламада. Ал ақаулы «Setra» автобусы жөндеу үшін жол бойындағы ең жақын кемпинг алаңына жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы