389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытында жарылыс болып, екі адам зардап шекті

  • 709
  • UPD: 12:23, 20.12.2018
Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытында жарылыс болып, екі адам зардап шекті

Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытындағы жарылыс салдарынан екі адам аурухана жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін таңертеңгі сағат 08:27-де Жамбыл облысының Жамбыл ауданына қарасты Асы ауылында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС Тараз филиалының аумағындағы УПН-100 ғимаратында мұнай қыздыруға арналған пешті іске қосу барысында түтін шығатын құбырда газ қоспасы тұтанып, соның салдарынан аумағы 8 шаршы метрді құрайтын аумақтағы мұнай қалдықтары өртенді. Сағат 08:39-да өрттің алды алынып, 08:08-де сөндірілді», – деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Оның сөзіне қарағанда, жарылыс салдарынан өлшеуіш құралдарды бақылаушы 2 адамды күйік шалып, олар ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жаумен жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 7 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар оларға мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің 6 жұмысшысы мен 2 техникасы көмекке келді.

Хабар 24 телеарнасы