378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Газ өңдеу зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайлары бірқалыпты ауыр

  • 343
  • UPD: 15:55, 20.12.2018

Жамбыл обылысына қарасты Жамбыл ауданындағы газ өңдеу зауытында жарылыс болып, екі адам зардап шекті. 

Қырмызы Жексенбек, тілші:

- Бүгін таңғы сағат 8:30-да зауытта мұнайды қыздыру пешін қосу  барысында газ-ауа қоспасы жарылып, мұнай қалдықтары өртеніп кеткен. Салдарынан екі адам зардап шекті. Өрт 10 минутта ауыздықталып, жарты сағатта толығымен сөндірілді.  Қазір біз Жамбыл аудандық орталық ауруханасындамыз.  Денелерін күйік шалған екі азаматты жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері ауыр халде осында жеткізген. 31 және 23 жастағы зауыт қызметкерлеріне алғашқы көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқастардың жағдайлары бірқалыпты ауыр, олардың денелерінің 35-40 процентін күйік шалған. Қазір Тараздан санавиация арқылы мамандар шақырылып, жағдайларын бағалап, №2 қалалық ауруханасының күйік шалу орталығына тасымалдау жағы қарастырылуда.  Науқастар сол жерде емдерін жалғастыратын болады.

Хабар 24 телеарнасы