375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында зауыттағы жарылысқа байланысты арнайы комиссия құрылды

  • 404
  • UPD: 19:49, 20.12.2018

Жамбыл облысына қарасты Жамбыл ауданындағы газ өңдеу зауытында бүгін жарылыс болып екі адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олар ауруханада. Дәрігерлер зауыт жұмысшыларына дененің үшінші және төртінші деңгейде термиялық күюі деген диагноз қойып отыр.

Бүгін таңғы 8:30-да зауытта, мұнайды қыздыру пешін қосу барысында, екі адам жарылыстан жапа шеккен. Денелерін күйік шалған екі азаматты ауыр халде жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері аудандық орталық ауруханаға жеткізді.

Олар мұнайды қыздыру пешін қосу барысында мұржадағы газ ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан. Қызыл жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Жарақат алған екі жұмысшыға дер кезінде алғашқы көмек көрсетілді

Нұрлан Кезембаев, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

- Жедел жәрдем бригадасымен екі науқасты алып келді. Біреуі Әділбеков Артур 31 жаста және екіншісі Сейсенбеков Ернар 23 жаста, екуінікі де үшінші деңгейдегі термиялық күйік, жағдайлары ауыр, бірқалыпты, Денелерінің 40% астамын күйік шалған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаменті мен мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінен барлығы 13 адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, өрттің неден шыққан анықталып жатыр.

Авторлары: Қырмызы Жексенбек, Бахытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы