389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында өрттен екі адам көз жұмды

  • 1177
  • UPD: 20:49, 21.12.2018
Қызылорда облысында өрттен екі адам көз жұмды ТЖК

Қызылорда облысында көппәтерлі жапсарлас салынған үйлер өртенді.

Қазалы ауданы Жанкент елді мекенінде болған оқыс оқиға салдарынан 55 жастағы ер кісі мен 2 жасар бала көз жұмды. 32 шақырым жердегі өрт сөндіру бекетінен дереу шыққан құтқарушылар жетемін дегенше 63 шаршы\метр аумаққа жайылып үлгерген. Сәт сайын үдеген қызыл жалын үйдің шатырын ортасына түсіреді. Ауыл тұрғындары көмегімен 4 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Түс ауа тілсіз жаудың бетін қайтарған өрт сөндірушілер үйінді арасынан денесін күйік шалған 2 адамның мәйітін алып шықты.

Авторы: Қамбар Бекенов

Хабар 24 телеарнасы