389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 4 адам түтінге уланып бақилық болды

  • 673
  • UPD: 23:32, 21.12.2018

Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір отбасынан бес адам түтінге уланып, төртеуі көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біреуі ауруханаға жеткізіліп, қазір дәрігерлердің жіті бақылауында. Жағдайы тұрақты. Оқыс жағдай Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Буденное селосында болған. Бақилық болған адамдар осы елді мекенге туысқанын жерлеуге барған екен. Жалпы жыл басынан бері өңірде 703 өрт оқиғасы тіркеліп, жалын 35 адамның өмірін жалмаған. Материалдық шығын 91 миллион теңгеден асады.

Игорь Балеев, облыстық ТЖД басқарма бастығының орынбасары:

- Үстіміздегі жылы 5 адам газға уланып қайтыс болды. Басты себеп – тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы. Буденное селосындағы үйдегі пеш мұржасы уақтылы тазаланбағандықтан оның арты қайғылы оқиғамен аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы