388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тепловоз адамды басып кетті

  • 473
  • UPD: 13:46, 22.12.2018
Алматыда тепловоз адамды басып кетті

Қайғылы оқиға желтоқсанның 21-і күні кешкісін Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысында болған.

Темір жол өткелі үстінде өтіп бара жатқан ер адамды тепловоз басып кеткен. Ер азамат аяғынан айырылған. Зардап шеккен кісінің көмек сұраған дауысын естіген өзге адамдар жедел жәрдем шақырып, оны жергілікті ауруханаға жеткізген.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы