378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейлік полицейлер заңсыз пиротехникалық өнімдер саудасына қарсы рейдке шықты

  • 333
  • UPD: 14:54, 22.12.2018
Семейлік полицейлер заңсыз пиротехникалық өнімдер саудасына қарсы рейдке шықты

Семейде полиция қызметкерлері заңсыз пиротехникалық өнімдердің саудасына қарсы рейдке шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сақшылар базарлар, дүкендер мен өзге де сауда орындарын тексерді. Шараның алғашқы үш күнінде отшашуларды заңсыз сатудың 6 дерегі анықталды. Заңды белшеден басқандарға 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айппұл салынды. Мамандар отшашуларды қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, абай болу керектігін ескертті. Сонымен қатар оларды тек рұқсат берілген сауда нүктелерінен ғана сатып алу маңызды. Рейд барысында тәркіленген заттар жойылатын болады.

Нұржан Толықбаев, қалалық ПБ аға инспекторы:

Отшашуларды сату кезінде барлық сақтау талаптары орындалуы тиіс. Яғни, арнайы бөлмелері мен қоймалары болғаны жөн. Сонымен бірге пиротехникаларға  күн сәулесі тікелей түспеуі шарт.

Хабар 24 телеарнасы