375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оқиғалар хроникасы. 24 желтоқсан

  • 267
  • UPD: 10:57, 24.12.2018

Түркістан облысы Келес ауданының екі тұрғыны ауылдасын пышақтап өлтірді. Марқұмның мәйіті ауыл сыртынан табылды.

Жедел әрекет етудің арқасында полиция қызметкерлері күдктілерді қолға түсірді. Жауап алу барысында күдіктінің бірі өлген адаммен бір күн бұрын түнде жанжалдасып қалғанын, кейіннен оған пышақ сұғып алғанын мойындаған. Қылмысты жасыру мақсатында танысымен бірге мәйітті ауылдың сыртына айдалаға тастап кеткен.

Сұлтанбек Усіпбеков, облыстық ПД басқарма басшысының орынбасары:

- Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Келес ауданының 1972 жылғы тұрғыны, бұрын сотты болған А есімді тұлға тұтқынға алынып, ҚР ҚҚ 99-бабымен адам өлтіру дерегімен қамауға алынып, қазіргі таңда алдын ала тергеу іс әрекеттері жүргізілуде.

Атырау қаласының тұрғыны лифт шахтасына құлап аман қалды. Оқыс жағдай 9 қабатты тұрғын үйде орын алған. Түрғын үй инспекциясы мамандарының айтуынша, зардап шегуші апаттық жағдай қызметкерлерін шақырудың орнына 4 және 5 қабат аралығында тоқтап қалған лифтіден өз еркімен шықпақ болып, лифт шахтасына құлап кеткен.. Зарпдап шеккен азаматшаның бір иығы сынған. мамандардың айтуынша қазіргі уақытта 26 жасар бойжеткеннің жағдайы бір қалыпты. Жалпы төтенше жағдай кезінде лифтіде 4 адам болған. Мамандар лифтінің апаттық жағдайда тоқтауының себебін анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы