388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда полицейлер ер адам кепілге алған баланың өмірін сақтап қалды

  • 512
  • UPD: 12:33, 24.12.2018
Оралда полицейлер ер адам кепілге алған баланың өмірін сақтап қалды

Батыс Қазақстан облысында Орал қалалық полиция басқармасының жол-патрульдік батальонының қызметкерлері кепілге алынған 5 жасар баланың өмірін сақтап қалды.

Капитан Мұхит Әбілхайыров пен лейтенант Жандос Құбаев Достық, 244 үйдегі мекен-жайға шақырту бойынша жетеді. Үй тұрғындары аулада төбелес болып жатқанын хабарлаған. Олар келген кезде пәтерлердің бірінен белгісіз ер адамның баланы тамағына пышақ тақаған күйінде ұстап тұрғанын көреді. Күдікті баланың анасын шақыртуды талап еткен. Алайда полиция қызметкерлері өміріне қауіп төнген баланы құтқарып қалды. Қазір 25 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құтқарылған баланың туыстары полиция Департаментінің басшылығына алғыс хат жолдады. Өз кезегінде баланың өмірін сақтап қалған полиция қызметкерлері ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы