389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да мұз үстіне құрылған шатырдан 2 адамның мәйіті табылды

  • 638
  • UPD: 12:52, 24.12.2018
ШҚО-да мұз үстіне құрылған шатырдан 2 адамның мәйіті табылды

Шығыс  Қазақстанда  Бұқтырма су қоймасында мұз айдынға құрылған шатыр ішінде екі ер адам көз жұмған.

Бұл туралы  облыстық  полиция  департаменті хабарлап отыр. Қайғылы оқиға Бұқтырманың Казнаковка  өткеліне  жақын  маңдағы  болған. Марқұмдардын денесін алдымен Самар  ауылының  тұрғыны тауып алып, құқық қорғаушыларға хабар берген. Тәртіп сақшыларының  айтуынша,  алдын ала болжам бойынша 42 жас шамасындағы екі азаматтың екеуі де иіс тиіп көз жұмған. Екеуі де Өскемен қаласының тұрғындары.

Хабар 24 телеарнасы