389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында екі адам газдан уланып көз жұмды

  • 530
  • UPD: 14:00, 24.12.2018
Түркістан облысында екі адам газдан уланып көз жұмды

Қайғылы оқиға Мақтаарал ауданындағы Атакент елді мекенінде болған. Облыстағы газ таратушы мекеменің хабарлауынша, марқұмдардың мәйіті 23 желтоқсан күні күндізгі сағат 12:50-де өз үйлерінен табылған.

Қайтыс болғандар 21 және 29 жастағы ер адамдар екені анықталды.

«Оқиға орнына келген авариялық-құтқару бригадасының мәліметінше, үйдің ішінде ирандық жылыту камині орнатылған. Оның иіс шығаратын мұржасы шелекпен жабылғаны анықталған. Оның үстіне үйдің ішіне газ құбырларын тарту жөніндегі келісімшарттың жоқтығы белгілі болды. Қазір қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы