378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда-Қарағанды жолында 7 адам құтқарылды

  • 297
  • UPD: 14:08, 24.12.2018
Қызылорда-Қарағанды жолында 7 адам құтқарылды

Алматы облысының Алакөл ауданында 4 жүк көлігі қар құрсауында қалып, жүргізушілері құтқарылды.

Ал Орталық Қазақстанда 2-3 күннен бері аяз күшейіп тұр. Соның салдарынан Қызылорда-Қарағанды күре жолында автобустың жанар-жағар майы қатып қалып, 12 жолаушы 30 градус аязда далада қалған. 5 адам жолдан көлік тоқтатып, мініп кетсе, қалған 7 жолаушыны құтқарушылар жақын маңдағы Ақтүбек ауылына жеткізді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы