389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да екі күн бойы аязда адасқан ер адам құтқарылды

  • 434
  • UPD: 10:55, 25.12.2018
ШҚО-да екі күн бойы аязда адасқан ер адам құтқарылды newsprom.ru

Оны жергілікті омараташылар Сержиха өзенінің маңынан тапқан екен.

50 жастағы ер адам орманнан Риддерге қарай қайтар жолда адасып кеткен . Оның үстіне шаңғысы сынып, әбден қалжыраған ол бір шыршаның түбіне отыра кеткен. Дәл сол отырған жерінен оны омарташылар байқап, омарта басына әкеліп, жедел құтқарушыларды шақырады. Омартамен Риддер қаласына дейінгі 25 шақырым қашықтық көлік жүрісіне ыңғайсыз болғандықтан, ол жерге құтқарушы мамандар қарда жүруге икемделген арнайы техникамен әрең жеткен. Аязда адасқан азаматты үсік шалып үлгерген екен. Сондықтан ол бірден ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы