378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде қазандықтан өрт шықты

  • 270
  • UPD: 13:12, 25.12.2018
Өскеменде қазандықтан өрт шықты ivest.kz

Өскеменде қала шетіндегі Примыкания аумағында орналасқан қазандық ғимаратынан өрт шықты.

Тілсіз жау таңертең жекеменшік май цехына тиесілі жеке орналасқан қазандықтан тұтанған. Өрт сөндіру мамандары келген кезде,қазандық жанып,одан пайда болған саңылаудан ішіндегі май сыртқа ағып, жағдайды ушықтыра түскен. Көк түтін ішінен жұмысшылар қауіпсіз жерге шығып үлгерген екен. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Қалалық өрт сөндіру басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруге 50 маман,11 техника жұмылдырылған. Жалынды өшіру жұмыстарына ғимаратты басқан көк түтін көп кедергі келтіріпті. Тіпті құтқарушылар өрт сөндіру құралдарын  нысанның төбесіндегі металл жабындысын ашып барып, ішіне енгізуге мәжбүр болған.

Хабар 24 телеарнасы