389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денис Теннің соққыға жығылғанын көрген екі полицей жауапқа тартылуы мүмкін

  • 533
  • UPD: 15:59, 25.12.2018
Денис Теннің соққыға жығылғанын көрген екі полицей жауапқа тартылуы мүмкін

Алматыда Денис Теннің ұрылармен жаға жыртысып жатқанын көрген полицейлер жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы бүгінгі алдын ала сот тыңдалымы барысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Нұрлан Өстеміров айтты.

«Видеосы бар. Куәгерлер түсіп қалған. Екі полиция қызметкері жүр. Олар не істеп жүр онда? Қазір оларға қатысты ұлттық бюро қылмыстық іс қозғап жатыр. Бірақ олар әзірге шара қабылдамағаны үшін тартылып жатыр. Тапсырыс берушілер болуы ықтимал. Қиясов Денистің өлімін өз мойнына алып отыр. Видеода көрінгендей, ол артқы жағынан келген. Ал артқы жағындағы адам қалайша адамның алдына келіп, санының ішкі жағынан пышақтың жүзін жоғары қарата тіледі. Тура хас шебер сияқты. Тамырын тілу үшін істелген деп ойлаймыз. Сондықтан істе басқа да күдіктілер болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз», - деді қорғаушы Өстеміров.

Cондай-ақ сотталушы Жанар Толыбаева өзінің жүктіліктің 6,5  айлығында екенін мəлімдеген болатын. Келесі сот отырысы 3 қаңтарға таңертеңгі сағат 10-ға белгіленді.

Еске салсақ, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы