378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысындағы ауылда балабақша өртенді

  • 358
  • UPD: 16:54, 25.12.2018
Түркістан облысындағы ауылда балабақша өртенді

25 желтоқсан күні 12:46-да Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы «Аққу» балабақшасы өртенгені туралы хабарлама түсті.

Екінші қабаттағы балабақша меңгерушісінің кабинетіндегі жиһаз өртеніп, 8 шаршы метр жерді шарпыған. Өрт сөндірушілер келгенше балабақшадан 168 бала сыртқа шығарылды. Өрт 13:00-де ауыздықталып, 13:25-те сөндірілді.

Өрттен қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамынан 10 адам мен 2 көлік қатысты.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы