378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде көп пәтерлі үйдегі өрттен 2 бала қаза тапты

  • 461
  • UPD: 21:05, 25.12.2018
Ақтөбеде көп пәтерлі үйдегі өрттен 2 бала қаза тапты

Ақтөбеде 10 қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтер өртеніп, 3 және 6 жасар екі бала көз жұмды.

Өрт шыққан үйден 125 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінен 5 арнайы техника мен 21 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрт пәтердің асүйінен шыққан. Тілсіз жау 36 шаршы метр аумаққа тараған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, балалар улы газдан тұншығып, көз жұмған. Олардың өрт кезінде үйде қараусыз, жалғыз өздері болғаны анықталды.

Оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Авторы: А.Байменшина

Хабар 24 телеарнасы