378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да дене тәрбиесі сабағынан кейін 5-сынып оқушысы көз жұмды

  • 474
  • UPD: 16:12, 26.12.2018
БҚО-да дене тәрбиесі сабағынан кейін 5-сынып оқушысы көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында дене тәрбиесі сабағынан кейін он жасар оқушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға кеше қалаға іргелес Зеленов ауданы Асан ауылындағы мектепте орын алды. Осында 5-сыныпта оқитын бала дене тәрбиесі сабағы кезінде өзін жайсыз сезінген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, мектепке жедел жәрдем сағат 17.52-де шақыртылды.

«Жедел жәрдем көлігі бес минуттан кейін жетті. 2008 жылғы баланың жағдайы өте ауыр болғандықтан, ол жақын маңдағы емдеу орны - қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барлық жансақтау шараларын жасағанымен, баланың өмірін сақтау мүмкін болмады. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады», - деді А.Сақпосынова.

Хабар 24 телеарнасы