378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда жүкті әйел перзентханада көз жұмды

  • 527
  • UPD: 20:04, 26.12.2018
Ақтауда жүкті әйел перзентханада көз жұмды ernur.kz

Ақтауда жүктіліктің жетінші айында 27 жастағы жас әйел көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстық перинаталдық орталықтың директоры хабарлады. 23 желтоқсанда жүкті әйел Жаңаөзен қаласынан облыстық перзентханаға жеткізілген. Алайда екі тәуліктен кейін дәрігерлер жүрек ақауын анықтайды. Дегенмен, жағдайы қалыпты болған. Тек туыстары келген уақытта кенеттен жүрегі ұстаған келіншекті дәрігерлер құтқара алмады. Бүгінгі күні өлімнің нақты себебін анықтау да мүмкін емес. Себебі қайтыс болған келіншектің туыстары мәйітті алып кеткен.

Жамал Жаманбаева, Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының директоры

- 30-40 адам біздің дәрігерлер мен күзетшіні ұрып-соғып, медицина қызметкерлерінің қолынан әйелдің мәйітін тартып алды. Полиция да оларды ажырата алмады. Қазір жаңаөзендік әріптестеріміз өлімнің себебін анықтау үшін мәйітке тиісті сараптама жүргізу мақсатында оның туыстарымен келіссөз жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы