378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында малшыны ұрып өлтірген күдікті ұсталды

  • 430
  • UPD: 11:51, 27.12.2018

Алматы облысы Сарқан ауданында тәртіп сақшылары адам өлтірген күдіктіні із суытпай ұстады.

Шалғайда орналасқан шаруашылық иесіне оның жұмысшыларының бірі қатты ауырып жатқаны туралы хабар жеткен. Оқиға орнына бірден тәртіп сақшыларын ерте барған қожалық иесі малшысының өлімінің үстінен түседі. Тексеру барысында 57 жастағы ер адамның ауыр соққыдан қаза тапқаны анықталды. Тексеру барысында қайтыс болған азамат пен шаруашылықтың 1985 жылы туған тағы бір жұмысшы арасында жанжал болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігінің (қасақана адам өлтіру) белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қорғас» бақылау-өткізу бекетінде шекарашылар заңсыз тауар алып өтпек болған қазақстандық 38 азаматты ұстады. Қолға түскен күдіктілер шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы аумағына 306 келі иран шәйін алып өтпек болған. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз өкілдері хабарлады. Сондай-ақ олар қымбат шараптарды да тиісті құжаттарсыз өткізуге тырысқан. Тексеру нәтижесінде заңсыз тауардың барлығы тәркіленді.

Соңғы жылдары елімізде ғаламтордағы алаяқтық қылмысы үш есеге өскен. Негізігі себеп - адамдардың бейқамдығы. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әсіресе белгілі сауда сайттарында алаяқтық жиі ұшырасады. Мысалы, жақында «тон сатамын» деп, сайтқа жарнама берген Қостанай қаласының тұрғыны сан соғып қалды. Бәзбіреудің төлемді есеп-шотыңа аударамын деген жалған сөзіне иланып, Интернет-банкингінің СМС құпия сөзін жазып жіберген. Ақырында бар ақшасынан айырылды. Сосын көбінесе банк борышкерлері ғаламтор алаяқтарының құрбанына айналады. Қызмет ақымды төлесең қарызыңнан құтқарамын дегендердің қармағына іліккендер де аз емес. Тек қана Қостанай облысында бір жыл ішінде 300-ге жуық осындай қылмыс түрі тіркелңп, соның бестен бірі ашылған.

Айдар Мусин, облыстық полиция департаментінің аға жедел уәкілі:

- Мұндай қылмыстың бетін ашу әсте қиын. Ұялы телефон операторларынан, сайттардан ақпарат алуға, қолданушының АйПи адресін анықтауға біраз уақыт кетеді, байланыс технологияларын пайдаланып, теріс жолмен пайда табатындар түрлі қитұрқы әрекеттерге барады. Оның ноутбугі не ұялы телефоны белгісіз біреудің атында болуы мүмкін, Немесе бірден жойып жібереді.

Хабар 24 телеарнасы