375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ауыр қылмыс жасап қашқан күдікті Түркиядан елге жеткізілді

  • 383
  • UPD: 11:56, 27.12.2018
Алматыда ауыр қылмыс жасап қашқан күдікті Түркиядан елге жеткізілді

Алматыда аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 2014 жылдан бері іздеуде жүрген Ибрагим Сулиев Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

Бас прокуратура мен Қазақстан ІІМ Интерполының қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ибрагим Сулиевті Түркиядан Қазақстанға экстрадициялады.

«Алматы қаласында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті және ол 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде болды. Экстрадиция қазақстандық құқық қорғау органдары мен түрік әріптестердің өзара үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде жүзеге асты», - делінген хабарламада.

Қазір И.Сулиев Астана қаласының тергеу изоляторына жабылды.

Хабар 24 телеарнасы