378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда қолымда жарылғыш зат бар хабарласқан ер адам ұсталды

  • 455
  • UPD: 12:20, 28.12.2018
Таразда қолымда жарылғыш зат бар хабарласқан ер адам ұсталды Stan.kz

Тараз қаласында 1981 жылғы ер адам бүгін таңғы 07:30-да 101-ге хабарласып, жарылғыш затпен өз өзіне қол жұмсайтындығын айтқан.

Оқиға орына жедел жеткен күш құрылымдары қауіпсіздік шараларын қолға алып, №5 шағынауданның 24 үй тұрғындарын, барлығы 250 адамды эвакуациялаған. Тәртіп сақшылары тексеріс жүргізген кезде хабарласқан азамат мас күйінде екендігі анықталды. Нәтижесінде ақпарат жалған болып шыққан. Қазіргі таңда ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Авторы: Қырмызы Молдабекова

Хабар 24 телеарнасы