378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында есепші бюджет қаржысын қалтасына басқан

  • 577
  • UPD: 21:15, 28.12.2018

Қызылорда облысында жұмыспен қамту бағдарламасының мың үш жүздей қатысушысына зейнетақы жарналары төленбей келген.

Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту орталығының есепшісі 2 жыл бойы бюджеттен бөлінген қаржыны қалтаға басып отырған. Жастар практикасына жұмсалуы тиіс қаражатты да талан-таражға салған. Әлеуметтік саладағы заң бұзушылықты әшкерелеген аудан прокурорларының қадағалау актісі нәтижесінде шығын толығымен мемлекет қазынасына қайтарылды. 11 миллион теңгені бас пайдасына жаратқан пысықай есепші сот үкімімен 7 жылға шартты түрде сотталды.

Нұрболат Дүйсенбаев, Жаңақорған ауданының прокуроры:

- Осы бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орнын формальді түрде ашып, жалақы және зейнетақы жарнасын аударғаны жөнінде жұмыспен қамту орталығына жалған мәлімет ұсынып, мемлекетке 500 мың теңге шығын келтірген жеке кәсіпкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында бюджеттік несиені мақсатына сәйкес пайдаланбау жағдайы анықталды. Бұл бойынша кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, бір жарым млн теңге мемлекетке келген шығын толық өтелді.

Хабар 24 телеарнасы