378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда танымал актриса мерт болған жол апатына себепкер жүргізуші ұсталды

  • 620
Алматыда танымал актриса мерт болған жол апатына себепкер жүргізуші ұсталды

Танымал актриса Шолпан Елгезек қаза тапқан жол апатын жасаған «Mercedes Benz G-55» жүргізушісі ұсталды.

Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті.

«29 желтоқсан күні Алматыда адам өліміне себепші жолған жол-көлік оқиғасынан кейін қашып кеткен «Mercedes Benz G-55» жол талғамайтын көліктің жүргізушісіне іздеу жарияланып, оны полиция қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі  тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі тұлға қамауға алынды», - деді Алмас Садубаев. Сонымен қатар ол қаза тапқандардың қайғыларына ортақтасып, жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуіне тілекші екендігін білдірген. «Тергеу бөлімшесі жол-көлік апатын жан-жақты тексеру үшін қажетті барлық шараларды қабылдап жатқандығына сендіргім келеді. Жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігіне шәк келтіретіндей еш негіз жоқ.  Іс бақылауда тұр», - деді департамент басшысы. Бұған дейін Алматыда жол апатынан танымал актриса Шолпан Елгезек пен тағы екі кісі көз жұмғанын хабарлаған едік.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы