389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда үй өртеніп, 2 адам мерт болды

  • 611
  • UPD: 13:43, 01.01.2019
Қарағандыда үй өртеніп, 2 адам мерт болды inform.kz

Қарағандыда үй өртеніп, 2 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, 1 қаңтар күні сағат 01:32-де өртке қарсы қызметтің кезекшілік нөміріне Қарағанда қаласы, Октябрь ауданы Болотная көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сағат 02:28-де тоқтатылып, 03:13-те толық сөндірілді. Куәгерлердің сөзінше, көз жұмғандар спиртті ішімдік тұтынған. Өртті сөндіруге Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы