378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында саяжай үйі өртенді

  • 316
  • UPD: 15:17, 01.01.2019
Алматы облысында саяжай үйі өртенді

Бүгінге қараған түні Алматы облысында саяжай үйі өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Кеше өртке қарсы күрес қызметіне Іле ауданының Ащыбұлақ ауылында нысанның отқа оранғаны туралы хабар түсіп, тілсіз жауды ауыздықтауға 5 өрт сөндіруші мен 1 техника жұмылдырылды. Ауылдан 11 шақырым жерден шамамен 20 минут ішінде жеткен жеке құрам осынша уақыт ішінде 100 шаршы метр жерді шарпыған жалынды өшірді. Бүгінде өрттің тұтану себептері анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы