375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда өрттен екі адам көз жұмды

  • 334
  • UPD: 15:22, 01.01.2019
Павлодарда өрттен екі адам көз жұмды inform.kz

Павлодарда тілсіз жаудан екі адам көз жұмды. Қайғылы жағдай жаңа жыл түні болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өртке қарсы күрес қызметінің кезекшілік пультіне көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы суыт хабар түнгі сағат  2:11-де түскен. Белгілі болғанындай, Ледовской көшесіндегі үйлердің бірінші қабатындағы пәтер отқа оранған. Қызыл жалын жарты сағатта сөндіріліп, 75 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Алдын ала болжам бойынша қайғылы жағдайға тұрғындардың бірінің масаң күйде төсекте жатып шылым шегуі себеп болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам мен 6 техника жұмылдырылды.

Эльмира Темірғалиева, облыстық  денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Төрт адам зардап шекті. Оның екеуіне шұғыл медициналық көмек көрсетілді. 1950 жылы туған әйелдің жағдайы өте ауыр. Өкінішке орай 7 жасар қыз бен 58 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Хабар 24 телеарнасы