378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында техникалық қызмет станциясы өртенді

  • 235
  • UPD: 12:38, 02.01.2019
Алматы облысында техникалық қызмет станциясы өртенді

Алматы облысында көліктерге техникалық қызмет көрсету станциясы өртенді.

Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылында 800 шаршы метр жерге орналасқан ТҚС өртенді. Өрт кезінде станцияда 4 көлік тұрған. Шамамен сағат 23:00 шамасында тұтанған қызыл жалын 2 қаңтарда таңға қарағандағы сағат 00:45-те сөндірілді. 

Тілсіз жау көршілес тұрған ғимараттарға өткен жоқ. 

Өртті сөндіруге Алматы қаласы және Алматы облысы ТЖД 28 қызметкері мен 8 техника қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасының меншікті тілшісі А.Жұртбаев.

Қызыл жалыннан қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы