389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде ер адамның қолында петарда жарылды

  • 741
  • UPD: 20:36, 02.01.2019
Ақтөбеде ер адамның қолында петарда жарылды © pbbd.ru

Отшашу саусағынан айырды. Қауіпсіздік ережесін сақтамаған 30 жастағы ақтөбелік мереке күні аурухана керуетіне таңылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлердің айтуынша, отшашу зардап шеккен азаматтың қолында жарылыпты. Оқыс оқиға салдарынан иығы мен саусақтары ауыр жарақаттанған. Шұғыл ауруханаға жеткізілген азаматқа дереу операция жасалып, тиісті көмек көрсетілді. Жалпы жаңажылдық мереке түні Ақтөбе облыстық жедел жәрдем қызметі шамамен 400-ге жуық шақыртуға барды.

Асхат Мешітбай, облыстық медициналық жедел жәрдем ауруханасының кезекші травматологы:

- Оң жақ білектің көптеген жыртылған жарақаттары, қан тамырларының зақымдануы және сол жақ алақанының төртінші саусағының жарақаттық жұлынуы диагнозымен келіп түсті. Науқасқа келген кезде шұғыл оперативті ем жасалды. алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі жағдайда науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Тағайындалған стационарлық емі бойынша емдерін алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы