378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда бір мезетте үш автокөлік соғылды

  • 234
  • UPD: 23:35, 02.01.2019
Ақтауда бір мезетте үш автокөлік соғылды vsluh.ru

2 қаңтарда Ақтауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының маңында үш автокөлік соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2 қаңтарда таңғы 08:30-да болған. Жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді.

«Шамамен 09:00-де зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген», - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.

Портал мәліметінше, жолдардың мұзтайғақ болуына байланысты көліктер соқтығысқан.

Хабар 24 телеарнасы