378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жарылыс салдарынан қойма қирап, жатақхана терезелері сынды

  • 863
  • UPD: 09:57, 03.01.2019

Астанада газ сақталған қойма жарылып, сол маңдағы жатақхана зардап шекті.

Төтенше жағдайдар комитетінің мәліметінше, оқиға қоймаға жақын жердегі өрттің салдарынан болған. Жарылыс күшінің қатты болғаны соншалық, көрші тұрған жатақхананың терезелерін сындырып жіберген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын өрт сөндірушілердің күшімен бір сағаттан аса уақытта ауыздықталды.

Хабар 24 телеарнасы