378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада өрт сөндірушілер жарылған қоймадан 25 газ баллонын алып шықты

  • 330
Астанада өрт сөндірушілер жарылған қоймадан 25 газ баллонын алып шықты elorda.info

Астанада газдың шығуынан газ толтыратын резервуар жанған болатын.

​«101 пультіне 19:44-те Ақжол көшесінің 26 мекенжайы өртеніп жатқаны туралы қоңырау шалынды. Оқиға орнына шұғыл жеткен Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімшесі 19:51-де ҚазҒЗИ аумағында ағаштан салынған қосымша жайдың 40 шаршы метрі өртеніп жатқанын анықтады. Газдың шығып кетуі салдарынан газ толтырылатын резервуар жанған», - делінген Астана қаласының ТЖД хабарламасында.  

Тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер 25 газ баллонын алып шыққан. Өрттің себеп-салдары анықталуда. Өрт сөндіруге жеке құрамның 5 техникасы мен 31 адамы жұмылдырылды. Тілсіз жау 21:30-да сөндірілді.

Ақпарат көзі: elorda.info

Хабар 24 телеарнасы