378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада қоғамдық көліктен өрт шықты

  • 208
  • UPD: 15:27, 03.01.2019
Астанада қоғамдық көліктен өрт шықты

Елордада Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында №41 автобустан өрт шықты.

Айта кетсек, Инстаграмдағы «vvastane.kz» атты топта елордада автобустың артқы дөңгелегі өртеніп жатқаны түсірілген видео тараған болатын. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті оқиғаның, шынында да, Астанада бүгін түсте тіркелгенін растады. «3 қаңтар күні өртке қарсы қызмет пультіне Астанадағы Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында №41 автобустың өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Нақтырақ айтқанда, автобустың артқы дөңгелегі өртенген. Өрттің шыққаны 12:36 кезінде анықталып, сағат 12:38 кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер немесе жарақат алғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы