375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда мереке күндері пиротехникадан 3 адам жараланған

  • 397
  • UPD: 20:15, 03.01.2019
Ақтауда мереке күндері пиротехникадан 3 адам жараланған

Биылғы жаңа жылдық мереке кезінде Ақтауда 3 адам пиротехникалық өнімдерден жарақаттанған. Бірі қолын, екеуі бетін күйдіріп алыпты.

Алғашқы көмек көрсетілген соң зардап шеккендер үйлеріне жіберілді. Ал өткен жылы петардадан жарақаттанғандар саны 13-ке жеткен болатын. Жалпы мамандар соңғы уақытта көрсеткіштің жыл санап төмендеп келе жатқанын айтуда. Сондай-ақ облыс орталығында осы мереке күндері бір өрт тіркелді. Екі бөлмелі пәтер отқа оранып, оның ішінде қалып қойған мүгедек ер адам құтқарылған.

Нұржан Борашев, облыстық тжд өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

- Облыс бойынша жылды біздер 316 өрт оқиғасымен жаптық. 2017 жылы 284 өрт оқиғасы 10 пайызға өсіп отыр. Соның ішінде 2018 жылы 11 адам өрт оқиғасынан қаза тапса, 2017 жылы 10 адам қаза тауып отыр. 10 пайызға өсіп отыр. Ал жарақат алғандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 27 пайызға төмендеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы