378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екібастұзда 16 жастағы жасөспірімнің қолында петарда жарылды

  • 430
  • UPD: 12:05, 04.01.2019
Екібастұзда 16 жастағы жасөспірімнің қолында петарда жарылды susanin.news

Павлодар облысы Екібастұз қаласында 16 жастағы жасөспірімнің қолында петарда жарылды.

11-сынып оқушысы 3 қаңтар күні кешкі сағат сегізде емханаға жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шақыру Бөгенбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйден түскен.

«№18 мектептің оқушысы екі қолының да жыртылған жарасымен жарақат пунктіне жеткізілді», - деді басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, Жаңа жылды мерекелеу кезінде орын алған оқиғалар салдарынан ауруханаға түскен жас адамдар көп.

«Бүгін Екібастұзда түнгі сағат 1-де екінші қабаттан мас күйдегі 18 жастағы қыз құлады. Ол жабық бас сүйек-ми зақымы, ми шайқалу, іштің сыздап ауруы деген диагноздармен жарақат пунктіне жеткізілді», - деді Эльмира Темірғалиева.

Сонымен қатар, өткен түнде Екібастұздың травматологиялық пунктіне екі аяғын екінші және үшінші дәрежеде үсік шалған 54 жастағы ер адам түсті.

Хабар 24 телеарнасы