375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда сегіз адам өрттен зардап шекті

  • 637
  • UPD: 14:00, 04.01.2019
Павлодарда сегіз адам өрттен зардап шекті Газета.ру

Павлодарда көп қабатты үйдің екінші қабатынан өрт шығып, 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар орташа дәрежедегі улану диагнозымен қалалық ауруханаға жатқызылған. Арасында жастайынан сал ауруына шалдыққан 43 жастағы мүгедек пен зейнеткер бар. Иіс тиген тағы 4 адам ауруханаға барудан бас тартыпты. Өрт шыққаны туралы хабар кезекшілік пультке түнгі сағат 22.38-де түскен. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем және медициналық апаттар бригадасы жетіпті. Тілсіз жау 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер 58 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Олардың 17-сі – бала. Жеке құрамнан 37 адам, жедел құтқару жасағынан бес адам мен 10 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себеп болды деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы