375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда колледжге «мина қойған» адам ұсталды

  • 473
  • UPD: 13:10, 05.01.2019
Көкшетауда колледжге «мина қойған» адам ұсталды

Ақмола облысының полицейлері Көкшетау қаласындағы «Арна» колледжіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген адамды бір сағаттың ішінде анықтады.

Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қоңырау 4 қаңтар күні сағат 19:40-та шалынды.

«Оқиға орынына жедел түрде барлық күш құрылымдары, шұғыл және арнайы қызмет өкілдері жіберілді. Іздеу шаралары барысынды жарылғыш зат анықталған жоқ», - деп баяндады ведомстводан.

Полиция қоңырау шалған адамның есімін бір сағатта анықтады. Ол Көкшетау қаласының бұрын сотталмаған тұрғыны болып шыққан. Қоңырау шалғанда ол мас болған.

«Қазіргі кезде аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы негізінде сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп қосты баспасөз қызметі. Бұл Көкшетау қаласында бес күн ішінде жарылғыш зат туралы жасалған екінші хабарлама. Бірінші рет қоңырау 30 желтоқсан күні сағат 09:25-те соғылған. Онда белгісіз біреу облыс орталығының вокзалына мина қойылғаны туралы хабарлаған. Кейін оның Көкшетау қаласының 40 жастағы тұрғыны екені анықталды.

«Тұрғындардың есіне саламыз, осындай әрекеттерді жасаған адамдар ҚР ҚК 273-бабына сәйкес (лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабар тарату) қылмыстық жауапкершілікке тартылып, материалдық шығынды өтеумен бірге алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді аймақ полицейлері.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы