375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жылы аялдаманың есігін сындырған адам ұсталды

  • 996
  • UPD: 14:02, 05.01.2019
Астанада жылы аялдаманың есігін сындырған адам ұсталды

Астана полицейлері 2 қаңтарда жылы аялдаманың шыны есігін теуіп сындырған ер адамды ұстады. Ер адам кінәсін мойындап, өз әрекетін түсіндіріп берді.

Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Байтұрсынов көшесінде орнатылған павильонның есігін теуіп сындырған Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адамның айтуынша, ол 2 қаңтарда сүйіктісін үйіне шығарып салған, алайда аялдамада олар жанжалдасып қалған. Нәтижесінде ол ашуланып, есікті теуіп жіберген», - деп хабарлады ведомство өкілі. Артынша жігіт астаналықтардан кешірім сұрап, келтірілген шығынды өтеуге уәде береді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Астанада белгісіз біреудің жылы аялдаманың есігін сындырып кеткенін хабарлаған едік. Астана әкімдігінің өкілдері оқиға барысы түсіп қалған бейнероликтің Алматы аудандық полициясына жіберілгенін және осы дерек бойынша әкімшілік іс қозғалғанын айтқан еді.

Хабар 24 телеарнасы