378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда монша кешені өртенді

  • 474
  • UPD: 19:46, 05.01.2019
Қарағандыда монша кешені өртенді

Қарағандыда Ермеков көшесінің бойындағы Riviera екіқабатты монша кешені өртенді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлайды.

«5 қаңтар күні өртке қарсы қызметке Ермеков көшесі бойында орналасқан екіқабатты ағаш моншаның өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Жалын шамамен 130 шаршы метр аумақты, атап айтқанда шатыр мен сыртқы қабырғаны шарпыған. Өртсөндірушілер 2 адамды эвакуациялады. Тілсіз жау 16:55-те тоқтатылып, 17:10-да толық сөндірілді», - делінген хабарламада.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Оқиға орнына жеке құрамнан 45 адам және 12 техника бірлігі жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы